Oi-Qaragai беткейлеріндегі белсенді жаз
Oi-Qaragai-да сіз Mountain cart-та нағыз тау шытырман оқиғаларын басыңыздан өткізе аласыз. Бұл таулы беткейлерінен түсуге арналған арнайы моторсыз көлік құралы.
Бұл ойын-сауықтың бірегейлігі Oі-Qaragai – Қазақстандағы Mountain cart-пен сырғанайтын жалғыз орын екендігінде.
Үш доңғалақты машинаны неміс өндірушісі жасаған және жоғары сапалы қос контурлы тежегіш жүйесімен жабдықталған, бұл түскен кезде аударылу қатерін азайтады. Сонымен қатар, Mountain cart - бұл экологиялық таза ойын-сауық. Машинада мотор жоқ және оны іске қосу үшін жанармай қажет емес. Сіз қоршаған ортаны ластамай жай ғана төмен қарай сырғанап, табиғатты тамашалап, таза ауамен тыныстау рахаттын сезінесіз.

Еңіске қарай құлдилау 1820 метр биіктіктен басталады, онда біздің «Eighteen twenty» мейрамханасы орналасқан және «Aport-Alatau» ақырғы бекетінде немесе Old Skazka орналасқан жерде аяқталады. Жол күрт бұрылыстарға және құлдилауға толы, сондай-ақ біздің ағаш үйлеріміздің жанынан өтетін әдемі көріністерді қызықтайсыз.
Mountain cart кімге қызық болады?
16 жасқа толғандардың барлығына! Бұл ойын-сауық қауіпсіз және бәріне жарайды. Кейбіреулер үшін бұл табиғаттан ләззат алатын тыныш және босаңсытатын серуен болуы мүмкін. Басқалар үшін ол белсенді қызық оқиғалар болады. Қалай болғанда да, бұл таза ауада уақыт өткізудің және жаңа сезімдерді бастан өткізудің тамаша тәсілі.
Егер сіз өз демалысыңызды қызықты ойын-сауықпен түрлендіргіңіз келсе, онда келесі сілтеме бойынша өтіп, күнді броньдаңыз
Жас шектеуі: 16 жастап бастап