Келісім шарттары
Нұсқаушы қызметтерін қолдану қағидалары:
- Нұсқаушылар қызметін тау шаңғысы спортымен, сноубордпен айналысуға медициналық қарсы көрсетімдері жоқ кез келген клиент алуға құқылы.
- Нұсқаушының қызметі тек ақысы төленген жеке тарифке сәйкес көрсетіледі. Балалар сабағы: 3-5 жастағы, 6-10 лет жастағы балалар үшін. Ересек адамдардың сабағы: 10 жастан асқан клиенттер үшін.
- Сноубордпен айналысу үшін ең төменгі жас – 8 жас.
- Айналысу үшін 16 жасқа дейінгі балалардың басында дулыға болуы міндетті.
- Егер баланың жасы сатып алынған тарифке сай келмесе, мектеп әкімшісі қызмет көрсету шарттарын өзгерту құқығын сақтап қалады.
- Клиент сабақ басталғанға дейін 5 минут бұрын Shymbulak тау шаңғысы және сноуборд мектебіне келуі шарт.
- Сабақ алдында клиент мектеп менеджеріне ақысы төленген брон туралы ақпаратты көрсетуге міндетті (қағаз немесе электрондық түрдегі түбіртек).
- Сабақ басында клиент спортқа сай киімін толық киген болуы керек (жарақтар, қорғаныш дулыға), сондай-ақ өзімен бірге сырғанау абонементі болуы шарт.
- Клиент сабаққа ең көбі 15 минутқа кешіккен жағдайда Shymbulak тау шаңғысы және сноуборд мектебі нұсқаушыны ауыстыру құқығын сақтап қалады.
- Сабақтың басталатын және аяқталатын уақыты өтінімде көрсетіледі.
Сабақты болдырмау:
- Брондалған сабақ басталғанға дейін 24 сағат бұрын сабақтан бас тартуға болады.
- Ақысы төленген броннан бас тарту туралы мектеп менеджеріне хабарлау керек (электрондық пошта немесе телефон байланысы арқылы).
Сабақты басқа күнге ауыстыру:
- Егер клиент брондалған сабақтың күнін немесе уақытын басқа кезге ауыстырғысы келсе, ол сабақ басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірместен, мектеп менеджеріне сабақты басқа күнге немесе уақытқа ауыстыру туралы хабарлауы керек (электрондық пошта немесе телефон байланысы арқылы).
Қаражат қайтарылмайды:
- Клиент сабаққа келмей қалған, брондалған сабақтың бүкіл уақытына кешіккен жағдайда.
Нұсқаушының қызмет құнын төлей отырып және нұсқаушының қызметін тікелей қолдана отырып, клиент осы Қағидалармен, Shymbulak тау курорты қағидаларымен толық танысып шыққанын және оған келісетінін, сондай-ақ тау шаңғысымен, сноубордпен айналысу үшін медициналық қарсы көрсетімдері жоқ екенін және қауіптің болу ықтималдығын біле тұра, нұсқаушымен бірге сабаққа қатысатынын растайды. 18 жасқа толмаған адам үшін сабақ ақысын төлеген кезде сол адам үшін жауапкершілік ата-анасының немесе қамқоршысының мойнында болады.