Чашнагири» мейрамханасында шеф-аспаз Сахибтен пхали дайындау бойынша шеберлік сабағы
12 маусым күні сағат 20:00-де Oi-Qaragai Курортында орналасқан «Чашнагири» патшалық грузин мейрамханасы Қонақтарды дәстүрлі грузин тағамы - пхали дайындау бойынша шеберлік сабағына шақырады.
Шеберлік сабағын шеф-аспаз Сахиб өткізеді. Ол қатысушыларды тағамның тарихымен, оны дайындау ерекшеліктерімен таныстырып, грузин асханасының кәсіби құпияларымен бөліседі. Қонақтар грузиннің ең танымал жеңіл тағамдарының бірі - пхалиді дайындаудың қыр-сырын біліп қана қоймай, оны өз қолдарымен дайындау процесіне де қатыса алады.
Шеберлік сабағы грузин қонақжайлығы атмосферасында ерекше кеш өткізуге, жаңа дәмдерді ашуға және қызықты аспаздық тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік болады.
Күні: 12 маусым
Уақыты: 20:00
Өтетін орны: Oi-Qaragai Курортындағы «Чашнагири» патшалық грузин асханасы мейрамханасы
Сіздерді гастрономиялық кештің қатысушылары қатарынан көруге қуанышты боламыз!