Oi-Qaragai тау Курорты Қазақстан азаматтарына арналған «Отан» тарифін енгізеді
Біз тауда демалуды жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді ету мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы тарифті іске қосамыз.
Тарифтің мәні: Қазақстан Республикасының азаматтары курорт қызметтеріне артықшылық алады — шетелдік азаматтармен салыстырғанда базалық тарифтен 20% жеңілдік ұсынылады.
Жаңа шарттар курорттың негізгі қызметтеріне қолданылады:
-
Арқан жолдары
-
Маусымдық және жыл бойғы белсенді демалыс түрлері
-
Тұру қызметтері
-
Жеңілдетілген тариф бойынша қызметтерді тек курорт кассаларында офлайн түрде, жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы сатып алуға болады.
-
Сату тек бір адамға жүзеге асырылады және корпоративтік тапсырыстар мен арнайы пакеттерге қолданылмайды. Яғни, «Отан» тарифі тек жеке тұлғаларға арналған.
«Отан» тарифі арқылы біз ішкі нарықтың басымдығын көрсетіп, Қазақстан азаматтарын қолдауды мақсат етеміз. Курорт инфрақұрылым мен сервистерді дамытуды жалғастырып, таудағы демалысты әрбір адамға жақын әрі қолжетімді етеді.