Курорт қолжетімді бола түсуде! Жаңа тұрақ ережелері
Oi-Qaragai курортында жаңа тау шаңғысы маусымына орай автотұрақ жүйесін жаңартқанымызды қуана хабарлаймыз!
12 желтоқсаннан бастап автотұрақтың жаңа ережелері күшіне енеді:
- Автотұрақтар қайта нөмірленді – енді бағдарлау әлдеқайда жеңіл!
- Бос орындар санын көрсететін жаңа ақпараттық тақталар орнатылды
- Aqtas төменгі станциясында жаңа екі деңгейлі жабық автотұрақ және қосымша тұрақ орындары ашылды
- Ең маңыздысы – автотұрақтың сағаттық төлем жүйесі енгізілді. Жаңа тарифтер тұрақта болу уақытына байланысты есептеледі: 15 минуттан бастап және одан жоғары. Демалыс және жұмыс күндері тарифтер әртүрлі
- Курорт аумағындағы кез келген автотұрақта 15 минутқа дейін тұру тегін!
Саяхатыңыз жайлы болсын, ал тау баурайындағы керемет сәттеріңіз мәңгі есте қалсын!
