«Сенiм» орталығының зейнеткерлеріне арналған таудағы күн
Oi-Qaragai өз алаңында «Сенiм» бос уақыт және ұзақ өмір сүру орталығының 50 Қонағын қабылдады. Бұл жоба қарт жастағы адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық бастамасы ретінде ұйымдастырылды. Қонақтар тауда жылы күн өткізіп, жайлы беседкелерде орналасты, ән айтып, таза тау ауасынан ләззат алды.
Жобаның мақсаты – Алматы қаласының зейнет жастағы тұрғындарын белсенді өмірге тарту, олардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту, сондай-ақ өмір сүру ұзақтығын арттыру. Жоба егде жастағы адамдарға қатысты қалыптасқан стереотиптерді бұзып, аға буын өкілдеріне қартайуды жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді.
Еске саламыз, жұмыс күндері зейнеткерлер үшін біздің аспалы жолдарымызда көтерілу – тегін.