Жаңа биіктік, жаңа әсерлер! Oi-Qaragai курортында «Аспан тербелмесі» мен «Катапульта» ашылады
Oi-Qaragai тағы да таңғалдырады! 2140 метр биіктіктегі Aqtas 2140 локациясында Қазақстанда теңдесі жоқ екі ерекше аттракцион ашылады.
Ресми ашылу — 16 тамыз, сағат 12:00-де.
Бағдарламада:
— DJ
— Байқаулар және сыйлықтар
— Tassay Energi ұсынған welcome drinks
«Аспан тербелмесі» — биікте тербеліп, таулардың керемет көріністерін тамашалау мүмкіндігі.
«Катапульта» — адреналинді ұнататындар үшін! Бір сәтте 15 метр биіктікке көтерілу — және сіз таулардың үстінде қалықтап тұрасыз.