Oi-Qaragai Курортында экологиялық сенбілік аясында 120 көшет тал шыбығы отырғызылды
Oi-Qaragai курорты экологиялық жауапкершілік қағидаттарын ұстануды жалғастыруда: Курорт аумағында өткен сенбілік барысында қызметкерлер жасанды қар жүйесіне арналған техникалық көлдің маңына 120 көшет тал шыбығын отырғызды.
Экологиялық науқан көгалдандыру мен табиғи тепе-теңдікті сақтау бойынша корпоративтік бастаманың бір бөлігіне айналды. Жаңа отырғызылған талдар топырақты эрозиядан қорғауға және курорттың осы бөлігіндегі микроклиматты жақсартуға ықпал етеді.
«Oi-Qaragai ерекше табиғи аймақта орналасқандықтан, біз оның қорғалуына өзіміздің жауапкершілігімізді толық сезінеміз. Мұндай іс-шаралар біз үшін тек дәстүр ғана емес, саналы ұстаным болып табылады: экологияға деген қамқорлық күнделікті өмірдің мәдениетінің маңызды бөлігі болуы тиіс»- деп Курорт аумағын және кіреберіс жолдарын күту бөлімінің басшысы Владимир Игошкин атап өтті.

Сенбілікке абаттандыру қызметінен бастап әкімшілік персоналға дейін әртүрлі бөлімдердің қызметкерлері қатысты. Мұндай ұйымшылдық– ұжымның табиғатқа жанашырлықпен қарап, Курортты қоршаған ортамен үйлесімде дамытуға деген ортақ ниетінің айқын көрінісі.