Oi-Qaragai-дағы ерекше балаларға арналған жаңажылдық ғажап
23 желтоқсанда Oi-Qaragai курортының қызметкерлері «Ерекше балалар ата-аналары одағын» қолдау мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді. Олардың күш-жігерінің арқасында аутизм, БМС, Даун синдромы, психикалық даму бөгелісі (ПДБ) сияқты аурулары және басқа да денсаулық ерекшеліктері бар балалар нағыз жаңажылдық ертегіге еніп кетті.
Балаларға Аяз ата, Ақшақар және Эльф қатысқан мерекелік шырша ұйымдастырылды. Сондай-ақ, компания қызметкерлері бар жанын салып, сүйіспеншілікпен дайындаған көптен күткен сыйлық әр балаға бұйырды.
Біздің курортта 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді және осындай форматтағы қайырымдылыққа қатысу біз үшін алғашқы, бірақ өте маңызды тәжірибе болды. Әр бала көптен күткен сыйлығын алып, ешкім назарсыз қалмасын деп ұйымдастыруға мұқият қарадық. Әрине, болашақта сыйлықтар санын көбейтіп, бұдан да көп балаларға қуаныш сыйлауға тырысатын боламыз.
Бұл акцияның негізгі мақсаттары денсаулық ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына қолдау көрсету және әр баланың кішкентай армандарын орындауға ұмтылу, оларға қуаныш пен ұмытылмас әсерлер сыйлау болды.

Балалар Аяз атаны, Ақшақарды және Эльфті қуанышпен қарсы алды, ал ата-аналары оларға білдірілген жылу мен қамқорлық үшін алғыс сөздерін айтты.
«Бізді Курортқа шақырып, балаларымызға осындай мереке ұйымдастырып, нағыз ертегі сыйлағандарыңызға көп рақмет. Баламның қуанғанын және күлгенін көру – баға жетпес нәрсе!» - деп аналардың бірі ризашылығын білдірді.
Тезірек мерекенің қалай өткенін көріңіздер!