Oi-Qaragai қыс маусымын ашты. Алдағы жылы не күтіп тұр?
7 желтоқсанда Алматы курорттарының арасында алғашқы болып Oi-Qaragai-да 2024/2025 қыс маусымының ресми түрде ашылуы өтті. Бұл күн маусымның керемет ашылуы болды: Курортқа 3 мыңнан астам адам келді. Қонақтар жаңадан дайындалған жолдарда сырғанады, қар басқан ғажайып табиғат көрінісін тамашалады, фотосуретке түсіп, біздің бағдарламамызға белсене қатысты.
Осы жылы негізгі назарды қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріне қойдық. Костюмді аниматорлардан бастап фотоаймақтар мен декорацияларға дейін — бұның барлығы қазақи нақыштағы ерекшелікке толы болды. Музыкалық сүйемелдеу электронды-этникалық стильде орындалды, зор денелі әрі бітімі бөлек батырлар Қонақтарды қарсы алды, ал жүргізуші әр түрлі белсенді шараларды жүргізіп, жеңімпаздарға жүлделерін табыстады.

«Жаңа маусымнан көп үміт күтеміз. Біз жаңа беткейлерді, жаңа арқанды жолдарды ашамыз. Осы маусымда бұлар міндетті түрде болады. Бұл онкісілік гондолды жол. Бұл алтыорындық арқан жолы. Бұл шамамен жаңа беткейлердің 6 шақырымы. Ол беткейлердің сапасы осы жердегілерден қарағанда тіптен басқа. Олар өте әдемі табиғаты бар үлкен, кең, жайылған беткейлер», —деп Oi-Qaragai бас директоры Дмитрий Матяс сөз сөйледі.
Бұл маусымда біздің Қонақтарымызды шынымен қуантатын үлкен өзгерістер мен жаңалықтар күтілуде. Бізге келіп қосылған барша адамға алғыс айтамыз және сіздерді Mountain Resort «Oi-Qaragai» беткейлерінде маусым бойы күтеміз!
Беткейлердегі және іс-шарадағы фотосуреттерді қарау.
Жалпы фотосуреттерді қарау.