Қазақстан тау курорттарының халықаралық марапаттауында ең көп марапат алды
SKI BUSINESS AWARDS нұсқасы бойынша, Шымбұлақ пен Oi-Qaragai ТМД елдерінің 150 тау курортының арасында ең көп марапатқа ие болды.
Oi-Qaragai курорты «Үздік ІТ-шешім» және «Үздік балалар лагері бағдарламасы» марапаттарын иеленді.
Марапаттау 3-6 қазан аралығындағы Минералды Судағы туристік аймақтардың халықаралық форумы аясында өтті, онда туристтік саланың сарапшылары кәсіби тәжірибесін бөлісіп, нарық қатысушылары серіктестігінің және ТМД елдерінің шетелдік серіктестерімен туристік инфрақұрылым құруының жаңа форматтарын талқылады.
Марапаттау 2023-2024 жылғы маусымның қорытындысы бойынша берілді. Шешім бірнеше кезеңде қабылданды – таулы индустрияның беделді мамандарының комиссиясының алдында жоба қорғау, сондай-ақ тау-шаңғы демалысын ұнататындар арасында дауыс беру арқылы.
Салтанатты шарада марапат ұсыну туралы Oi-Qaragai курортының PR бөлімінің жетекшісі Максим Козлов та пікірін айтты:
«Курорт командасы келген адамдарға қызметтерді алу жеңіл және жайлы болуы үшін, және осы қызметтерді көрсету деңгейі жоғары болуы үшін қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартып отыруға тырысады. Курортты ІТ салада үздік деп тану – үлкен құрмет, өйткені қазіргі уақытта Курорт кеңейіп, жаңа Ақтас локациясын ашып жатыр. Бұл – 55 шақырым жаңа жол, жаңа арқан жолдар және жаңа аймақтар. Процесстерді оңтайландыру – басты міндеттердің бірі. «Тау курортындағы балалар лагерінің үздік бағдарламасы» марапаты – айрықша жетістік, ол осы бағытты құрушыларға тиесілі. Қонаққа тек жоғары деңгейдегі қызметті ұсыну үшін барын салатын солар».
Шымбұлақ тау курорты «ТМД елдері арасындағы үздік тау-шаңғы курорты» марапатына лайықталды, сондай-ақ «Таулы аймақтағы үздік глемпинг/кемпинг» номинациясын жеңіп алды.
«Үш жыл қатарынан ең мәртебелі номинация Қазақстанға кетіп жатыр! Бұл – ғажап нәтиже және біздің жұмыстың жоғары деңгейінің дәлелі. Осы жетістікке жетуге ат салысқандардың бәріне рахмет! Қазақстандықтар, біздің қолымыздан келді!», - деп Шымбұлақ ТК бас директоры Ринат Абдрахманов пікір білдірді.
