Эко-жорық Қазақстанның рекордына деген үміткерлікпен!
Oi-Qaragai барлық маусымда қонақт қабылдайтын тау курорты таулардағы ең ауқымды эко-жорық ұйымдастырылған орынға айналды. Негізгі миссиясы - адамдарды табиғатқа қамқорлық пен белсенді өмір салтына баулу. Еріктілер қатарына 100-ге жуық адам жиналды. Акция құрылғанына 13 жыл болған курорттың туған күніне орайластырылды.
Қатысушылардың жастары әртүрлі болды – 15-тен 65 жасқа дейін. Жорықтың бағыты 15 шақырымды құрады. Барлық мүшелер үшін толық қауіпсіздік қамтамасыз етілді, өйткені бүкіл жорық бойы қатысушыларды сертификатталған гидтер, қауіпсіздік мамандары және Oi-Qaragai-дың басқа қызметкерлері алып жүрді.
Бағыт Іле-Алатау ұлттық паркінің көркем көріністерін қамтыды. Қызыл Яр, Көпір аңғары, Қабан көлі, Букреев шыңы, Альпілік шалғындар және Тілектер саябағы орындарынан өтті.
Барлығы Қазақстан табиғатының сұлулығынан үлкен әсер алды, ең бастысы, барлық қатысушылар 30 келіге жуық қоқыс жинады. Қоқыстың мұндай аздығы тау туризмі адамдарды тәртіпке шақыратынын көрсетеді.
Бұл жорық тіркеу мүмкіндігін қарастыру үшін Қазақстанның рекордтар кітабына берілді.